Базарғали Әжиұлы Жаманбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Базарғали Әжиұлы Жаманбаев (9 қаңтар 1942 жыл, Ақтөбе қаласының Ақжар кенті) — қазақстандық және советодағының дирижері, хормейстер, профессор. Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры.

Өмірбаяны

  • Н.А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясының хор дирижері факультетін бітірген (1966), хор дирижері.
  • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры (1985 жылдан).
  • 1977-1978 жылдары - А.Я. Найденов жетекшілік жасайтын София операсының машықтанушысы (Болгария).
  • 1985 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы хор дирижері кафедрасының меңгерушісі.
  • 1996 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас хормейстері.
  • 2008 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жас солистер мен дирижерлері жетекшісі.

Марапаттары

Отбасы

  • Әкесі - Жаманбаев Әжі, марқұм, ҰОС қатысқан. Анасы - Жаманбаева Балжан, марқұм.
  • Үйленген. Жұбайы - Байсейітова Раушан Хатиятқызы (1947 ж.т.), ҚР Халық әртісі, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі.
  • Ұлы - Жаманбаев Олжас (1974 ж.т.), бизнесмен.
  • Немерелері - Жаманбаева Кәмила, А.Я. Ваганова атындағы Би академиясының оқушысы (Санкт-Петербург); Жаманбаев Амилан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub