Бажалар телехикаясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фильм аты: Бажалар

Шыққан жылы: 2013

Жанр: Сериал, Телехикая, Қазақстан телехикаясы

Рөлдерде: Қадырғазы Қуандықов, Райхан Қалиолдина, Айнұр Ілиясова, Бақыт Кенебай, Дана Тұрарбек, Әлия Телебарисова, Ербол Садырбаев, Қуаныш Тұрдалин, Қуаныш Керімқұлов

Суреттеме: Бажалар телехикаясында Қазақстанның әр түкпірінен келген төрт бажаның тағдыры бір отбасында тоғысады. Шынайы өмірде бажалар өзара айрылмастай дос, туған бауырдай тату болып кетеді. Ал қайын атасы жоғары лауазымдағы қызметкер. Көргені мен түйгені көп байсалды, міншіл әрі мінезді. Төрт қыздың әкесі ұлының жоқтығына іштей қайғылы. Сондықтан күйеу балаларына қызғанышпен қарайды. Ал төрт бажаның жағдайы жаман емес. Өзара қарым-қатынастары тығыз әрі бір-бірін үнемі қолдаудан қашпайды. Бірге қыдырады, бірге тамақтанады түрлі мәселелерді де біріге отырып шешеді. Олардың жүріс-тұрыстарына атасының көңілі еш толмайды. Бірақ қыздары үшін ол еріксіз көнуге мәжбүр.

Дереккөздер

<references/>

1. http://megafilm.clan.su/news/aza_sha_filmder/2-0-17