Бабаш Әбілқасымов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бабаш Әбілқасымов (2 қараша 1931 жылы туған, Атырау облысы Исатай ауданы) — ғалым, филология ғылымдарының докторы (1983), профессор (1994).

  • Орал педагогикалық институтын бітірген (1953).
  • Атырау облыстықы партия комитетінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі (1953 — 58).
  • Атырау педагогикалық институтында проректор (1958 — 61)
  • Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында аспирант (1961 — 64), ғылыми қызметкер (1964 — 67), ғылыми хатшы (1967 — 75), аға, жетекші ғылыми қызметкер (1975 — 87), институт директорының орынбасары (1987 — 91), 1991 жылдан осы институтта бөлім меңгеруші, бас ғылыми қызметкер.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғыл. еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеуге арналған. Оның 18 — 19 ғ-лардағы қазақ әдеби тілі, 19 ғасырдың екінші жартысындағы әдеби тіл, алғашқы қазақ газеттерінің тілі жөніндегі монографиялары қазақ әдеби тілі тарихы үшін аса қажетті еңбектердің қатарына жатады. Онда “Түркістан уәлаяты” мен “Дала уәлаяты” газеттерінің, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы шығармаларының тілі талданып, олардың қазіргі әдеби тіліміздің бастау көзі болып саналатындығы ғылыми тұрғыда дәлелденді.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref> Әбілғазы баһадүрдің “Шежіре-И Түрік” кітабының зерттелу тарихына шолу жасап, ондағы тұрақты сөз тіркестерін тілдік тұрғыдан талдады. Шығарманы көне түркі тілінен қазіргі әдеби тілімізге аударып, жеке кітап етіп шығарды.

Шығармашылғы

  • Алғашқы қазақ газеттерінің тілі, А., 1971;
  • ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі, А., 1982,
  • XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары. А., 1988.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}