Бабажы-қатын кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Bibi khatum.png
Бабажы-қатын кесенесі

Бабажы-қатын кесенесіҚазақстандағы — 10 — 11 ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласынан 18 км қашықтықтағы Айша бибі кесенесінің маңында орналасқан.


1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 жылы А.Н. Бернштам, 1953 жылы Т.Қ. Бәсенов зерттеген.

Текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған ескерткіштің ауданы 6,8х6,8 м, биіктігі 5 м-ден астам; қабырғаларына қаланған кірпіштерінің көлемі 24х24х5 см. Қасбеті мен 2 қапталы бір-біріне ұқсас, мәнерлеп қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектер жасалған. Жоғары жағы аркалы, ішке кірер есік шығыс жақ қабырғасында. Қабырғалардан сегізқырлы барабанға ауысатын тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен ішкі еңсенің 16 қырлы күмбезі басталады. Ал сыртқы күмбезі биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне орнатылған. Мұндай қобылы күмбездер Қазақстандағы Көккесене, Жұбанана сияқты көне ескерткіштерден кездеседі. Бір-біріне қаптай салған қос күмбез ескерткіштің ұзақ сақталуына себепші болған. Күмбез тұғыры аршамен құрсауланып, тақталардан суағарлар жасалуы сол кездегі құрылыс өнерінің өте жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді.

Ғимаратта шағын көлемдегі архитектура. Детальдер ұтымды әрі үйлесімді пайдаланылған. Бабажа қатын кесенесі сыртқы пішімінің жинақылығымен, құрылысының беріктігімен ерекшеленеді.<ref>Басенов Т.К., Орнамент Казахстана, А.-А., 1957;</ref> <ref>Бернштам А.Н., К происхождению мавзолея Бабаджи Хатун, Таш., 1959.</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Commons