Ақ берен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақ берен

  1. мылтықтың ауыз әдебиетінде кездесетін ежелгі атауы.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Берен сөзі тілімізде “асыл болат” деген мағынаны білдіреді. Ескі мылтықтың оқпандары жарылмас үшін асыл болаттан соғылған. Берен болаттан соғылғанын мылтықтың оқпанындағы алмастың түріне тән өзіндік өрнегінен айырады. Сонымен бірге әр асыл болат түрінің өзіндік түсі, реңкі болады: яғни ақ, (көк), қызыл түсті болаттар бар. Түсіне сәйкес бұл асыл болаттар ақ алмас, қызыл алмас деп аталған. Оқпандары ақ алмастан, берен болаттан соғылған мылтықтарды болаттың түсіне қатысты “ Ақ берен” деп атайды. <ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
  1. қылыш, семсердің бір атауы. Ауыз әдебиетінде ақ алмастан соғылған қылыш, семсер кейде “Ақ берен” аталады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}