Аққолқа бейіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аққолқа бейітіБозой ауылынан оңтүстік-батысқа қарай Аққолқа деген жерде тұр. Бірақ, экспедициялар, сондай-ақ обаға қарсы күрес стансасының картасында "Бала мола" деп түсірілген. Себебі, бейіттің ішінде жас баланың қабірі сияқты кішкентай төмпешіктер бар. Кесене ішінің бояуы сол күйінше сақталған. Өзі күйдірген кірпіштен салынған. Жауын-шашын мен жел-құздың аздаған әсері болмаса, кесене бұзылмаған, сол күйінде тұр. Осы кесенеден оңтүстікке қарай 30 метр жерде кірпіш күйдіретін пеш бар. Бірақ, бұл кесенені тұрғызған кім, онда кімдер жерленген, ол жағы белгісіз. Бұл деректерді Шалқар обаға қарсы күрес стансасының биологы Алмат Амандосұлы Баймырза берді. <ref>"Шалқар" энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер