Ақтай кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақтай кесенесі Сарысу өзенінің төменгі жағында, Телікөлдің маңайында, ЖезқазғанҚызылорда автомобиль жолынан 40 км жерде 1928 жылы күйдірілген кірпіштен салынған сәулет ескерткіші.


Кесененің композициясы 19 ғасырдағы Сарысу бойындағы сәулет ғимараттары сияқты бір-біріне жалғастыра салынған күмбезді екі бөлме түрінде. Екі бөлік те шаршы жобада, үлкені көрхана, екі белдеу түрінде қаланған және әр белдеу кемерлене шығарылған. Ортасында маңдайшасын әшекейлеген кіретін ойығы бар кіші бөлік екі деңгейде салынған. Төменгі деңгей көрханаға баратын жол есепті, жоғарғы деңгей зияратхана. Күмбез параболик. пішінде, үлкен күмбез цилиндрлік барабанның үстіне орнатылған, оның жоғарғы жағында кірпіш арасына бірге қаланған екі қатар ағаш ұштары көрінеді. Осы өңірге тән ескерткіштерде кездесетін бұл ағаштардың мәні әзір анық емес. Кесененің қас беті әртүрлі мәнерлі қалаумен және әртүрлі дәрежеде күйдірілген кірпішпен ромб түрінде әшекейленген. Шаршы тағаннан шеңбер пішіндегі күмбезге көшу кесене бұрыштарын кеміте қалау арқылы жүзеге асырылған және осы деңгейде көрхананың бұрыштары шығыңқы тік шаршы қалаумен байланған, ал әр бетінің орта тұсына арка тектес қуыс жасалған. Кіші бөліктің кіре беріс төменгі деңгейі таға тектес етіліп, дөңестеліп жабылған. Кіре берістің сол жағында қабырға арасына кесене төбесіне, одан әрі кіші күмбез астындағы зияратханаға апаратын баспалдақ орнатылған. Бөлмелер әктелмеген.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}