Ақрап Құдайбергенұлы Жұбанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұбанов Ақрап Құдайбергенұлы (7.11.1927 жылы туған, Ақтөбе қаласы) – суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1989). Алматы театр және көркемсурет училищесін (1947), Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) жоғарғы көркем-кәсіби училищесін (1958) бітірген. 1947 – 48 жылдары орта мектепте, 1949 – 52 жылдары Петропавл педагог училищесінде мұғалім болды. 1958 – 59 жылдары Қазақстан ғылым академиясының өнертану секторының кіші ғыл. қызметкері, 1959 – 60 ж. Қазақстан Суретшілер одағының шығарм. секциясы бастығының орынбасары, 1960 – 62 жылдары Қазақстанның Жергілікті өнеркәсіп мин-нің бас суретшісі, 1962 – 63 жылдары Әдебиет және өнер институтының кіші ғылым қызметкері, 1963 – 82 жылдары Алматы көркемсурет училищесінің директоры, 1982 – 84 жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің Бас архитектура-жобалау басқармасында бас суретшісі, 1984 – 92 жылдары Алматы көркемсурет училищесінің директоры қызметтерін атқарды. 1992 жылдан зейнет демалысында. Жұбанов Ақрап Құдайбергенұлы – Қазақстанның “Атакент” іскерлік-ынтымақтастық орталығының “Қазақстан” (1959), “Жеңіл өнеркәсіп” (1960), “Қазақстанның ауыр өнеркәсібі” (1966 – 67) павильондарын, Алматыдағы геология музейін (1968) безендіру жобасы авторларының бірі.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том;</ref>

Сілтеме

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақрап Құдайбергенұлы Жұбанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}