Ағын су қуаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағын су қуаты (Мощность водотока) — кез келген (үлкен, кіші) өзеннің белгілі бір шамадағы энергиямен жұмыс атқаруы. Жұмыс атқарушы элементтер түрлері төмендегіше қарастырылады: бірқалыпты су ағысының белгілі телімінде L үзындықтағы табан еңістігі I = tgα және күлау биіктігі Нр аа және bb қималары- ның арасындағы су көлемі 1 секундта жылжып а'a’ және b’b’ жағдайында болады. Ағын судың орташа жылдамдыгы V, су шығымы Q және көлденең кимыл қимасының ауданы оның жылдамдығы мына формуламен анықталады: V = Qc/W м/сек. Өзен ағынының табиғи жағдайдағы қуаты өзен арнасы мен табанындағы үйкеліс күшін жеңуге, ретсіз козғалыстағы бөлшектердің өзара энергия бәсеңдетуінің әсерінен, ең соңында жылу энергиясына айналып, таралып, жоғалып кетеді.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}