Ағынша траекториясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағынша траекториясы (Траектория струи) — белгілі бір уақыт аралығында сұйықтық бөлшектерінің ағып өту қашықтығы. Қозғалыс траекториясы бір бөлшектің ағып өту қашықтығын бейнелейді. Ағыс сызығы — сол ағыс сызығына жататын әр түрлі бөлшектердің сол уақыт мезетіндегі қозғалу бағыты болып табылады. Егер сұйықтық қозғалыстарының көрсеткіштері қысым Р мен жергілікті жылдамдық U уақыт аралығында өзгермейтін болса, онда ағыс сызықтары тоқтап қалғандай болып, қозғалып ағу траекториясымен бірдей болады. Мысалы, резервуардан ағып шыққан жіңішке сұйық ағыншасының ағыс сызықтары мен қозғалып ағу траекториясы. Егер ағып шығу кезінде сұйық деңгейі өзгеріп отырса, уақыт өзгерген сайын сұйықтықтың шапшу қашықтығы да кеміп өтырады. Сол мезеттегі әрбір сұйық ағыншасын ағыс сызығы деп алсақ, онда оның кеңістіктегі орналасу нүктесі әр уақытта өзгеріп отырады. Резервуардың тұрақты деңгейінде қасқағымдағы ағыс бейнесі өзгеріссіз болады. Бұл жағдайда ағыс сызығымен қозғалып ағу траекториясы бір-бірімен бірдей болады.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}