Ағынды ағыстары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағынды ағыстары (Стоковые течения) — мұхит пен теңіздегі судың көлбеу бағыттағы козғалысы. Ағынды ағыстары теңіз деңгейінің еңістігі, оның жергілікті көтерілуі немесе төмендеуі (өзен, теңіз суының кұюы, жауын-шашын жаууы немесе булану) әсерінен қалыптасады. Ағынды ағыстарының жылдамдығы деңгей еңістігіне тәуелді. Мыс., Мексика шығанағынан ағып шығып Гольфстрим ағысына бастау беретін Флорида ағысы, Қазақстандағы Балқаш көліне құятын Іле өзені ағындысының жалғасы болып табылатын, батыстан шығысқа бағытталған ағыс.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}