Ағыбай батыр кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағыбай батыр кесенесіАғыбай Қоңырбайұлына салынған, 19 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші.


19 ғасырдың 80-жылдарында Бетпақдаланың солтүстік-шығысындағы Шұнақ-Тайатқан тауының маңайында, Босаға өзенінің аңғарында тұрғызылған.


Шаршы түріндегі (8,80х8,58 м), бір бөлмелі күмбезді ғимарат. Сыртқы бұрыштары қосар мұнаралармен өрнектеліп, күмбезі өріліп шығарылып, ілкіде ұшар басына Ағыбай батырдың самаурыны қойылған. Кіретін бөлігі жеңіл ағашпен айван үлгісінде жабылып, оңтүстік жағынан шығарылған. Бөлменің ішкі бұрыштарындағы ширек бағаналар күмбез шеңберімен бірігіп кеткен. Бөлменің төменгі жағы ақ түсті, жоғарғы жағы сарғыш түсті әкпен әктелген. Кесене ішінде 12 мәйіт бар. Ағыбай батырдың сағанасы бөлменің түкпірінде солтүстік-батыс бұрыштан екінші орында жатыр.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}