Аяқты мал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аяқты мал - қыста тебіндеп өздігінен жайылатын, алысқа айдауға жарайтын жылқы түлігінің атауы <ref>Уәлиев Н. Сөз мэдениеті. Алматы: Мек- теп, 1984</ref>.

Сондай-ақ жылқыны айтұяқ (күйіс қайыратын малды ашатұяқ дейді) деп те атайды. Қыста өздігінен тебіндеп жайылатын қой, ешкі, тәрізді түлік түрлерін де оңтүстік өңірлерде аяқты малға санайды. Басқа өңірлерде аяқты малға жылқыны жатқызады. Аяқты мал туралы М.Әуезовтің әйгілі «Абай жолы» романында төмендегідей жолдар бар: «Байланған байлауын көп ырғап, көп көпсіте бермейтін Құнанбай сол жерде баратын кісілер жайын, апаратын аяқты мал, жыртыс жайын, ақша пұл, күміс қазына жайын кесіп-кесіп, өзі айта бастады»<ref>Әуезов М. Таңдамалы шығармалар жинағы. Жиырма томдық. 2-том. Алматы: Жазушы, 1982</ref>.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Дереккөздер

<references/>