Ахметов Ержан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Ахметов Ержан (1879, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шілікті ауылы — 1967, сонда) — ақын, жыршы. Атақты ақын, әнші Әсет Найманбайұлынан көп тәлім алып, өз жанынан өлең, ән шығарған, Айтыстарға қатысқан. 1920 — 1956 жылы Қытайдың Тарбағатай өңірінде болып, туған жеріне оралған соң жыршылық өнерін жалғастырып, ел аузындағы жыр, дастандар мен қиссаларды, аңыз, әңгімелерді жинаумен айналысты, Әсет, Жанұзақ ақындардың шығармаларын насихаттады. Өзінің тақпақ сөздері мен қысқа өлең-жырларына қоса “Мырзаш батыр” атты елінің бостандығы үшін күрескен қаһарман туралы көлемді дастан жазды. Бұл дастан Шығыс Қазақстан өңіріне кеңінен тараған. <ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> Ақын Әзмұхамбет Терлікбаевпен АйтысыАйтыс” жинағының 3-томында (1966) жарияланған. А. батырлар жыры мен ақындар Айтысын жинап қазіргі ұрпаққа жеткізуде көп еңбек сіңірді. Ол жырлаған “Арқалық батыр”, “Бердіқожа батыр”, “Қабанбай батыр”, “Бозжігіт”, “Бақтияр” және т.б. көптеген көлемді жырлар мен дастандар, Әсет пен Ырысжанның Айтысы көптеген жинақтарға еніп, ғылым зерттеулерде пайдаланылды. “Арқалық батыр” жырының нұсқасын 1958 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтынының экспедициясы Ахметов Ержан жазып алып, жырдың неғұрлым көркем де толық нұсқасы ретінде “Батырлар жырының” 2-томында (1961) және “Ақсауыт” кітабының 2-томында (1977) жарияланды. Ахметов Ержан тапсырған ауыз әдебиетінің үлгілері Қазақстан Ғылым министірлігі —Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтынының қолжазба және текстология орталығында сақтаулы. .<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references /> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}