Ахметжан Насырұлы Қадыров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Ахметжан Насырұлы Қадыров (12 қазан 1935 жылы Алматыда туған) – қазақстандық театртанушы, өнертану ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі.

Жалпы мәліметтер

Ташкент театр-көркемсурет инистутын бітірген (1962). Шелек ауданы Мәдениет үйінің көркемдік жетеқшісі, (1955 - 57) 1962 - 68 жылдары Қазақстан Мәдениет министрлігі аппаратында, 1968- 86 жылдары Қазақстан ҒА Тіл инистутының үйғыртану бөлімінде, 1986 -90 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Ұйғыртану инистутында бөлім меңгерушісі, 1990 - 92 жылдары Қазақстан Мәдениет министрлігіндегі Ғылым жөне оқу орындары мекемелерінің үйғыртану бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 1992 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы (1996 жылдан профессоры). Зерттеу еңбектері, "Ұйғыр халқының тарихы мен мәдениеті бойынша материалдар", "Ұйғыр әдебиетінің жанрлары" және "Ұйғыр кеңес әдебиеті" ұжымдық жинақтарына енген. Сондай-ақ, театр мен деректі фильмдер сценарийлерін жазған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Марапаттары

  • 1975 жылы Еуропа Халықаралық университетінің «Алтын Қыран» Орденінің иегері (Германия);
  • 1995 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
  • 2005 жылы Тәуелсіз «Ильхом» сыйлығының лауреаты;
  • 2005 жылы ҚР президенттік степендиясының иегері;
  • 2006 жылы мемлекеттік степендия иегері;
  • 2007 жылы Қазақстан тұңғыш президентінің мәдениет саласындағы сыйлығының лауреаты;
  • 2010 жылы елбасының қолынан ІІ дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталған.
  • Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}