Ахат Сәлемхатұлы Күленов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ахат Сәлемхатұлы Күленов - (15.4.1932 жылы туған, Павлодар қаласы) – инженер-металлург, өнертапқыш, техника ғылыми кандаты, Халық Қаһарманы (1994). Әкесі «халық жауы» ретінде қаза тапқаннан кейін Қаскелең (Алматы облысы) балалар үйінде тәрбиеленді. Қазақ политех. институтын (1954, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Өскемен қорғасын-мырыш зауытында балқытушы, шебер, технолог (1954–58), цех бастығы (1958–71) болып жұмыс істеді. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында бас инженер (1971–81), бас директор (1981–87), «Қазполиметалл» мемлекеттік өндірістік бірлестігінің бас директоры (1987–91), «Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты» ЖАҚ-ның президенті (1991–95) қызметтерін атқарды.

  • 1998 жылдан «Алтын аймақ» АҚ-ның президенті. Күленов 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы, жеке өзі және әріптестерімен бірге 100-ге жуық жаңалықтарды өндіріске енгізді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі (1981) мен Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің (1990) депутаты және ҚР Парламентінің Сенаторы (1995) болып сайланды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ахат Сәлемхатұлы Күленов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}