Ахан Құсайынұлы Бижанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Ахан Құсайынұлы Бижанов.JPG
Ахан Құсайынұлы Бижанов

Ахан Құсайынұлы Бижанов (23 тамыз 1949 жылы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында туған)саясаттану ғылымының докторы (1997 жылы). Қазақ политехника институтын (1971 жылы) бітірген соң, Алматы темір-бетон зауытында электрик, инженер-электрмеханик, 1976–94 жылдары Алматы қаласы, Ленин ауданы атқару комитеті төрағасының, Алматы қаласы әкімшілік бастығының 1-орынбасары. ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Мемлекет құрылыс және аймақтық саясат жөніндегі комитет төрағасының орынбасары болды. 1995–96 жылдары ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары (2000 жылы), ҚР Парламенті Сенатының депутаты. «Демократические основы модернизации казахстанского общества (политический анализ)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

«Құрмет» орденімен (2006), 5 медальмен марапатталған.

Әскери атағы - подполковник.

Діни көзқарасы - діни төзімділікті жақтайды, дінге құрметпен қарайды.

Саяси қайраткер ретіндег і идеалы - Н.Ә. Назарбаев, М.К. Ататүрік.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Демократиялық, құқықтық, дамыған мемлекет».

Хоббиі - спорт, әдебиет.

Сүйіп оқитын әдебиеті - Ш. Айтматовтың, М. Мақатаевтың шығармалары.

Үйленген. Жұбайы - Мақашева Ғалия Рахымжанқызы (1949 жылы туған), Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры (Астана қаласы). Ұлдары - Бижанов Данияр (1974 жылы туған), Бижанов Бахтияр (1980 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Шығармалары

1. "Республика Казахстан: демократическая модернизация общества переходного периода", Алматы, 1997.

Сілтемелер

1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiнде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 сәуiрдегi N 2935 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

2. Алматы қаласынан Сенат депутаты болып Ахан Бижанов сайланды

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ахан Құсайынұлы Бижанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}