Аушы құстардың жараталыс ерекшелігі, дене мүшелерінің атауы, көбеюі, жасы және сыны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аушы құстардың жараталыс ерекшелігі, дене мүшелерінің атауы, көбеюі, жасы және сыны - Жыртқыш құстың ерекше анатомиялық бітімі мен физиологиялық жаратылысында және түқымдарының сан алуандығында жатыр. Барлық жыртқыш құс туыстарының дене бітімі аң аулауға бейімделген. Жақсы дамыған, берік сүйек қаңқалары мен аяқтарына берік жымдаса біткен сіңір, тарамыстар мен мықты дамыған бұлшық еттері түскен олжасын бүруге, өлтіруге лайықталған қару мен қайрат береді. Қыран (аушы) құстардың саусақтары ұстаған аң-құсты бүріп ұстауға лайықталған, бүріп ұстауға бейім, салалы, быртық, әрі кеспелтек келеді. Бұлшық еті жақсы дамыған құс денесі сан алуан мәнермен жылдам, әрі үзақ уақыт бойы үшуға бейімделген. Олардың бұлшық еттерінің де жартысына жуығы дененің төс бөлігінде орналасқан. Жамбас бөлігіндегі, көкірек қуысындағы бірнеше қабат бұлшық еттері де мықты дамыған. құста көкірек пен құрсақ қуысы түтасып бірігіп кеткен бірегей болады. Бүркіт құлақтары өте нәзік толқындарды жақсы қабылдайтындығы соңғы уақытта дәлелденіп отыр. құлақты сыртынан тері қатпары жабады, құлақтың ортаңғы қуысы жүтқыншақпен және ми бөлігімен байланысып жатады. Сезу органдарынан көздерінің көру қабілеті ерекше дамыған және олар бір-біріне бағытталып орналасқан. құмай, тазқара тәрізді жыртқыштар аспанда қалықтап жүрген кездің өзінде айналасын тегіс шолып жүреді де, аушы құстар бағытталған жаққа ол да үшады. Бүркіт, сүңқар тектестердің көзі тек жер бетіндегі қимылдаған аңды ғана бақылайды. Құстың денесі ту сыртынан қарағанда мынадай бөліктерден тұрады: тамың, жемсау, төс суйек, ер суйек, бөтеге, сан, тобыщ (тірсек), сиракр жіліншік немесе бау тагар құстың сүлбасын арқа омыртқалары, төс, құйымшақ сүйектері түтастырып құрайды да, ал басқа сүйектер оларға жалғасады. Лашын, сүңқар түқымдас құстарда арқа омыртқаларында буын болмайды, қайнаса біткендіктен аса қарулы, берік болады. Сондықтан олар үшқыр, қармаулы келеді, аңды алуы да соған байланысты болады. Аушы құстардың жая, төс сүйектері шыны (қатты) және кең болады. Төстің қабырғамен астасатын шеті жүмыр, бауыр жағы қырлы келеді. Төс сүйекті арқа омыртқамен байланыстырып тұрған шомбал келген бұғана (қабырға) түсы "төс айшығын" құрайды және екпінге келтіретін "тетікке" саналады. Алдыңғы аяқ есебінен дамыған, үшуға арналған мүшеқанатты жауырын, тоқпан жілік, қар жілік, жіліншік, саусақ, бақалшықтардың барлығы бар болғанымен олар бір-бірімен түтасып араласып кеткен. Кішкентай ғана қанаттың иықбелдеуінде жауырын, бұғана, топшы сүйектері бірнеше буын (иыц, керме иык,, топшы, би буын) түзеді. Иық түсынан сыртқа қарай шодырая біткен буынды тотаи атайды. Топшы мен нашар жетілген жауырын арасын түтастырып тұрған сіңір, тарамыстар үздіксіз, керіліп- созылып, қимыл жасап тұратын "керме иык, буыны" қанатқа сан алуан қимыл береді, тежейді, екпін береді. Үшуда басты міндет атқаратын үзын қанат, яки шалғылар топшы мен білек сүйектерден салаланып шығады. Сондықтан олар ырғақты, әрі қозғалғыш келеді. Қаршыға, түйғын, қырғилардың соншалықты шапшаң сыпылдап үшатыиы олардың қанат сүйектерінің қолайлы, әрі берік бітісімен байланысты болады.. Жетім шалғы мен топшы арасын қосып тұрған буын би буынның қимылы құстың үшу, қону, арпалыс жағдайында оқыс қимылдағанда топшысын қатты үрып алса, би буын шығып кетсе, жетім шалғы салбырап бос қалады. Тоқпан жіліктің басы ішкі жағынан ауа өткізетін тесік арқылы өкпеиің ауалы щпшыкрпаръмен байланысып жатады. құс жамбасы бел-құйымшақ бөлігімен де түтаса байланысады. Ортан жіліктің асық жілік пен жіліншік басымен (құстың жіліншігін құсбегілер баутагар деп атайды) түтасып кеткен. құстың аяғы төрт саусақты келеді: өкше жағындағы саусағын тегеурін, ішкі жағындағы саусағын жембасар, ортаңғысын сыгым, сыртқы жағындағы шынашағын шеңгел (кей өңірде ілгіиі) деп атайды. құс аяғының күшті болуы ондағы бұлшық ет, тарамыс, сіңірлер сүйекпен бірге біткендігімен байланысты. Әсіресе тегеуірін мен жембасардың тарамысы бауырына ала иректеле бітіп, оның әрбір шодырайған ирегіне буындағы сіңір қыры дәлме-дәл келетіндіктен аталған саусақтарға ерекше күш береді. Сондықтан да құс саусағының ішіндегі ең қармаулысы тегеурін болып саналады. Ол құстың өмірінде ең маңызды міндет атқарады: іліп алатын құстар аңға түскенде ол қадалады, теуіп алатын құста тегеуірінмен те- уіп, жарып жібереді. Тегеуірін басқа үш саусағына қарсы тең қысылып күш береді, жембасар саусағымен қосылып жемді қармап, тебе тартып үзіп жеуге көмектеседі. бұл екі саусақтың ұзындығы бүркітте орта есеппен 20-26 см, ал оның түяқтары 7-9 см шамасында.Бірақ құс терісінде тері мен май бездері болмайды, тек саңғыру бөлігінде май бөлетін без бар. құстың бас сүйектері бір-бірімен қайнаса бітісіп кеткен, шымыр, қатты болады. Сыпырықтанып келген желкеден төмен шүйдедегі шодырайып тұратын төмпегі басын барлық бағытта еркін, ширақ қимылдатуына мүмкіндік береді. Аңшы құстардың аңды шоқып айбар көрсететін түмсығына қарай бір-бірінен ажыратуға негіз етіп алады. Түмсықтың - көбе, оращ, тұмсык, муйіз, оған жапсарлас иектің екі жағындағы қалқан, оған жапсарлас өткір қиғақ деп аталатын бөліктері бар. Түмсық мүйізінің езуге жапсарласқан жиегі астыңғы иектің екі жағын жаба түскен мүйізділеу бөлігі делінеді. Өткір қиғағымен құс тістегенін қиып түсіреді.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}