Аурудың көңілін сұрау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аурудың көңілін сұрау - дәстүрлі этикалық норма бойынша ұзаққа созылған аурудан төсек тартып жатып қалған науқастың жағдайын, халін сұрай бару. Көңіл сұраушы адам науқастың көңіліне медеу болатын «хал-жағдайыңыз қалай?», «шикі ет ауырмаққа, сауығып кетіңіз!», «ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады», «ауырып тұрды не, аунап тұрды не» деген сияқты сөздермен аурудың көңілін аулайды. Анда, сыйлас құда, аталас ағайындар немесе алыс туысқандар және әлеуметтік мәртебесі биік жандар ауру-сырқауға ұшыраған жағдайда олардың қал-жағдайын міндетті түрде сұрайды. Яғни бұл жосынды этикалық мәнді тәсіл деуге болады. Көңілін сұрай келген адам науқасты сергітер әңгіме айтады, бұрынғылардан қалған нақыл, өсиет сөздерді, прецедентті жайттарды еске салып, адамды сабырлы болуға шақырады. Көңіл сұраудың, науқас адамның көңілін аулаудың қазақы классикалық үлгілерінің бірі ретінде әйгілі Байдалы бидің науқастанып қалган Уәли ханға қарата айтқан төмендегідей сөздерін келтіруге болады:
Ауру көңілін кім ашар?
Хал сұраған тең ашар.
Ер жігіт көңілін кім ашар?
Көркем сүмбіл, сұлу шаш,
Қара көзді имек қас,
Жарқырып тұрған жар ашар
Баланың көңілін кім ашар?
Алдындағы қаттасы, 
Артындағы панасы,
Ата менен ана ашар.
Аттың көңілін кім ашар?
Күніне жеті қараған.
Баптап мінген ер ашар
Жақсылық пен жамандық,
Бәрі хақтан болған соң,
Шүкіршілік қылған жарасар.

Аурудың көңілін сұрау қазақы ортадағы этикалық мәнді әлеуметтік байланыстың ілкімді принциптері мен нормаларының бірі болды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аурудың көңілін сұрау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}