Аужар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аужар - қыз ұзату тойында жөн-жоралғылар аяқталып, қыз аттанар кезде айтылатын өлең түрі. Әлбетте қыз аужар айтып жылап қоштасқанымен, оның мәні қайғы емес, керісінше қимастық пен қуаныштың белгісі болды. Аужарда қыз ауылының жігіттері мен қыздары өздерінің қимастық көңілдерін, жақсы ниетін, достық сезімдерін өлең жырда үстемелей айтып жеткізеді. Аужардың сөзі мен әні біресе «ау- жар», біресе «ай-ау», біресе, «бике-ау», біресе «үкі-ау» деген секілді сөздермен ойнақыланып айтылады. Қазақ фольклорында аужардың мынадай үлгілері бар:

Буынғаным беліме кісеме еді, аужар-ау, 
Бекем бусам белімнен түсер ме еді, аужар-ау. 
Әкең барып шешеңді aп келмесе, аужар-ау, 
Мұндай азап басыңа түсер ме еді, аужар-ау!
Мінген де атың боз ғана, бике-ау, 
Күйеуің сенің бозбала, бике-ау. 
Өксігің сенің басылмас бике-ау, 
Әлдилеп бала сүйгенше, бике-ау.
Мінгенде атың жиренше, үкі-ау, 
Тықыршып тұрар мінгенше, үкі-ау. 
Қыз көңілі басылмас, үкі-ау, 
Әлдилеп бөпе сүйгениіе, үкі-ау!
Кеттің, кеттің деуші едің, кеттім, aпa, ай-ау, 
Ерттеп қойған атыңа жеттім, aпa, ай-ау. 
Шымылдығын желпе сал, көрсін апам, ай-ау, 
Көзінің жасын қойнына, тәксін апам, ай-ау!

Қалыптасқан дәстүр бойынша ол той үстінде де, той тарап, адам аяғы саябырлаған кезде де, тіпті қыз аттанар сәттерде де айтыла береді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Ау-жар (салт, айтыс). Ұзатылып бара жатқан қыздың «сыңсуы», «қоштасуы» ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, тұған ел-жұрттан бөлініуі, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де, тәрбиелі халық жылай жүріп ән, жыр түрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай білген. Тағы бір қызығы қыз жылап қоштасқанмен ол қайғы емес қуаныш, қимастық сәтінің де белгісі. Дегенмен қыз ауылының қыздары мен жігіттерінің де қимастық көңілдері де көрінбей қалмайды. Олар «жар-жардан» кейін де өлең-жырды үстемелей жүріп айтыс түріндегі «ау-жарды» тағы бастай жөнеледі. Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт жолында жақсы ниет көрінеді. Оның сөзі де, әні де көркем, ойнақы айтылады. Ол біресе «ау-жар», біресе «ай-ау», біресе, «бике-ау», біресе «үкі-ау» деп те айтыла береді. Олардың мынадай үлгілері бар:

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аужар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}