Ат шана

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ат шана - қысты күні қар, мұз үстінде жүру үшін атқа жегілетін көліктің атауы. Ат шананың сүйегі жеңіл болу үшін қайың, емен, тал тәрізді төзімді, иілгіш, берік ағаштардан құрастырылады. Жерге үйкелетін табан бөліктері темірмен қапталады. Жердегі кедергіге тіке соқтықпас үшін, ат шананың табан ағашының басы иіліңкі, қалған бөлігі түзу болады. Табан ағашқа деңгейлес түзу екі ағаш оған қатарласа үстінен келетіндей етіп, арасына бірнеше тіреу ағаш салып бекітіледі. Дайын болған екі табанның арасы көлденең ағаштармен «тұсаулап» ұстатылады. Үстінен шабақ ағаштар бекітіледі. Табан ағаш тез тозбас үшін темірмен қапталады. Сондай-ақ құрама ағаштардың беріктігін арттыру үшін әртүрлі қосалқы темірлермен бекітіледі. Ат шананың атқа жегілуі арба жегумен бірдей.

Ат шана жасалу ерекшелігіне, пайдаланылуына қарай ағаш шана, темір шана, жайдақ шана (жайпақ шана), қос аттық шана, бір аттық шана, күймелі шана, қалқанды (қанатты) шана және т.б. деген түрлерге бөлінеді. Дегенмен кейінгі уакытта бұндай шана түрлері әртүрлі темірлерді дәнекерлеу арқылы да жасалады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ат шана|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}