Ат ойындары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ат ойындары - атқа байланысты ұлттық ойын түрлері. Яғни aт жарыстыру (бәйге түрлері бірнешеу), жорға жарыстыру, қыз қуар, көкпар тарту, аударыспақ, ат үстінде садақ тарту (жамбы ату), теңге ілу, ат омырауластыру, атты ордан қарғыту, мүше алып қашу, тай жарыс, құнан жарыс, тоқбәйге және тағы басқалар.

Қазақтар тойларда өткізілетін әртүрлі ойын-сауықтарда ат үстінде сан алуан өнер көрсеткен. Ат құлағында ойнаған көшпелілерде жылқы негізгі көлік және түрлі шикізат көні болғандықтан, жеке мініс аты жоқ, жылқысы жоқ адам болмаған. Сондықтан, ер қанаты aт демекші, жақсы aт жеті қазынаның біріне саналып, көшпелі өмірде аса маңызды орынға ие болды. Шабандоздардың қимыл-қозғалысынан-ақ иесінің ниетін дәл сезетін арнайы көкпар аттары болды. Ал жүйрік пен жорға ұстау үлкен мәртебеге саналды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ат ойындары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}