Аттұмар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аттұмар - магиялық, мистикалық сенімдерге негізделген, тіл-көзден сақтайтын ат мойнына тағылатын фетиштік зат, тұмар түрі. Құран аяттары жазылған дұға немесе жеті түрлі зат салынған тіл-сұқтан сақтайтын заттар жібек, қымбат матадан, күдері былғарыдан үшкіл пішінде жасалған тұмар қаптың ішіне салынады. Оның ұзындау келген ілетін немесе байлайтын бауы, әсемделген шашақтары, күміс шытыралары болады. Кейде аттұмар қаптары арнайы металдан жасап, күміс қақтаған құты пішінде жасалады. Аттұмарды жүйрік жорға сияқты «жанына балаған» құнды атымен топ адам жиналған жиын-тойға барған кезде ат мойнына таққан. Ауызша мәліметтерге қарағанда аттұмар жүгеннің кекілдігіне, сағалдырығына немесе өмілдірікке тағылған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аттұмар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}