Атты тарту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атты тарту — деп ат бәйгесі барысында шалдыққан атты көмбеге таяғанда ердің екі қасынан болмаса шылбырынан немесе қанжығасынан, тіпті, тоқымның екі жағынан демеп көмектесуді айтады. Ат бәйгесі басталардан бұрын бұл рәсімге байланысты шартты алдымен келісіп алады: көмбеге бір шақырым қалғанда, жердің рельефінің ыңғайсыздығына байланысты атты тартуға рұқсат етіледі. Оны ат айдаушылар белгілейді. Келісім бойынша, атты тартатын кісілер бәйгеге көлденеңнен қосыла кетіп, аттың шылбырын қолдарына алады немесе екі атты кісі қанжығаны екі жағынан тартып, атқа демеу көрсетеді. Кейде атты тартуға рұқсат берілмеуі мүмкін. Ондайда атты тарту жасырын жасалып та жатады. Ұсталған адамдар айыпты деп саналып, бәйгеден шығып қалады немесе бәйгедегі шауып келе жатқан аттың реті кейін шегеріледі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атты тарту|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}