Атсейіс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Атсейіс — ат жаратушы, ат баптаушы, ат ұстаушы деген ұғымдар таныс болғанымен, "атсейіс" бұлардың бәрінен де мағыналы, ұғымы ауқымды. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Атсейіс шабандоз да емес. Ол ең алдымен жылкының тұқымын танитын, керек десеңіз, жүйрікті асылдандыру ісімен де айналысатын селекциялық жұмыстан хабардар маман. Онан соң өзі танып, баптауға алтан құлынды қандай қорада ұстауды ойластырады, қандай жайылымға, яғни қандай шөппен ауыздандыру керек екеніне дейін ескереді. Енді құнан, дөнен шыққан кездегі Атсейістің әрекеті мүлдем басқа. Ол аттың көңіл-күйіне қарап бапкерлік жұмыстар жасайды. Мысалы: Атсейіс ерте, таң қылаң бере қораға жақындағанда ат иесіне дыбыс береді. Сонда оқырана ма, пысқырына ма, кісіней ме солардың әркқйсысының өз мәні, мағынасы болады екен. Малдың хошы болмаса, иесі оған беретін жемшөп рационына өзгеріс енгізеді. Болмаса, жетектеп жүріп, аттың өзі қалаған өсімдігінежаяды. Байқап қарасаңыз Атсейіс пен аттың арасында психологиялық, тіпті телепатиалық байланыс болатынын аңғаруға болады. Кинематография үшін қажеті де осы. <ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Бақылау тәсілімен адам мен жануар арасындағы түсіністі, қимыл гармониясын түсіру киношығармашының құмарын қоздырады. Режиссер ойлы бет-бейненің сыршыл штрихтарына үңілсе, оператор таң қараңғысындағы ауыл пейзажын құрайтын силуэтті көріністер, мүлгіген дала мен маужыраған ағаш-бұталарды, оянған тіршілік иелерімен қабыстыра кадрға алсам деп құлшынады. Әсіресе жылқының, оның ішінде текті тұқымның кербездік жүріс-тұрысын бақылай түсірген көріністік киноматериалдар фильмді поэтикалық деңгейге көтеретіндей еді.

Авторы — Алмас Алматов. Ескерту: Болашақ фильм кеңестік кезеңнің сүзгісінен өте алмады, эфирге шықпай қалды.


Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атсейіс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}