Атжабу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атжабу - ертеректе ерекше қоғамдық-әлеуметтік статустың, байлық пен барлықтың белгісіне саналған жылқы әбзелі, жамылғы түрі. Дәстүрлі ортада қолы жеткен адам», беделді, ауқаттылар аттарына аңның терісінен де жабу салған. Жолбарыс, албарыс (ілбіс), сілеусін, терісінен жабу салу ерекше мәртебенің көрінісі болған. Соған байланысты қылқұйрық жабу, құндыз құйрық жабу деген атаулар қалыптасқан. Шетін жалпақтау етіп әдіптеген. Жабудың басқа әбзелдерден айырмашылығы оған түрлі аңдардың жылқының құйрығы тағылатын болған. Жаугершілік заманда жеңілген жақтың «Байрағыңды жабу» еттім, «туыңды жабу еттім» деген сөз орамдары осыған байланысты қалыптасты. Атжабу жібек, мақпал, қыжым, биқасап, барқыт, қатипа сиякты қалың да, қымбат маталардан тігілетін немесе кілемдерден - арабы кілем, түкті кілем, алашадан әдейілеп пішіліп жасалған.

Көз бен тіл тиюден сақтайды деп жарысқа қосылатын аттарды толық қымтауға жететін, яғни мойнынан бастап құйрық түбіне дейін жететін кежім деп аталатын көлемді атжабу түpi матадан жасалып, беті ою-өрнекпен әшекейленіп, жиегіне түрлі-түсті жіптерден айнала шашақ төгіліп жасалады.

Атжабудың әлеуметтік дәрежені білдіретін символикалық мәнімен қатар, атты тіл-көзден сақтайтын ғұрыптық функция да атқарды. Сонымен бірге, атжабу суық маусымда, әсіресе бәйге, көкпар және аңшылық пен саятшылыққа арналған аттарды жаратқан кезде де қолданыстық маңызы үлкен болды. Осындай атжабудың ұзындығы шоқтықтан құйрық түбіне дейін жетті, ені екі бүйірін жабатындай көлемде болды, ұштары бір-біріне баумен бекітілді. Атжабудың атты бәйгеге жарату, тер алу, қаражарыс сияқты мұқымды да күрделі шара кезінде тер қатудан және суық тиюден сақтайтын киізден жасалған қалың түрі болды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атжабу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}