Ата жау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ата жау - дәстүрлі ортадағы әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірінде орын алған қайшылықтар барысында пайда болып, кейінгі ұрпаққа жалғасқан өшпенділік, кегі бар, жау дұшпан саналған адамдар. Бұл құбылыс бір-бір әлеуметтік топқа жататын адамдар арасында және билеуші мен бұқара халық арасында орын алды. Дәстүрлі ортадағы құндылықтардың қожырап, ел мүддесі сын тезіне түскен кезден бастап ағайындар арасынан жауласу epic ала бастады. Мысал ретінде Махамбеттің төмендегі әйгілі жыр жолдарын келтіруге болады:

Хан баласы ақсүйек, 
Ежелден табан аңдысқан.  
Ата дұшпан сен едің, 
Ата жауың мен едім... 

Ақ патшаның жер реформасынан кейін жер-судан алшақтатылған қазақтар арасында кек қуу, жауласу көрінісі басқаша реңге көшті. Дәстүрлі құқық мен билік орнына аға сұлтандық және билер соты жүйесі енгеннен кейін бұл құбылыс үйреншікті көрініске айналды. Мұны орыс отаршылдығының салдары деуге болады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ата жау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}