Аталық мал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аталық мал - үйірге салатын тұқымдық, құтпан мал. Әлбетте көшпелі мал шаруашылығында аталық малға суыққа төзімді, өсімтал, денесі шомбалдау келген кесек сүйектілері іріктелінді. Дәстүрлі халықтық білімге сәйкес суыққа төзімді болады деп аталық малға әдетте, баран түстісін таңдады. Халық мұның мәнін баран түстен суық қашады деп түсіндіреді. Аталық малды жас кезінен таңдайды. Мысалы, қошқар болар қозының маңдай жағы дөң болады, бұқа болар бұзау желкесі жуан келеді, айғыр болар құлынның мүшесінен танылар сияқты сөз орамдары қазақтың аталық мал таңдаудағы дәстүрлі ұстанымдарын білдіреді. Аталық мал «малдың басы құтпан» есебінде де ерекше бағаланды. Өйткені құтпан малдың құты ретінде оларды бәле-жаладан, ауру-сырқаудан сақтайды-мыс. Фольклорлық дәстүрде құтпан малға айырықша қасиет дарытады. Мысалы, құтпан айғыр, құтпан қошқар, құтпан бура қазақтың көптеген қиял-ғажайып ертегілерінің басты образдарының біріне айналды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аталық мал|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}