Ас-Сығанақи

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хусам әд-дин әл-Хусейн ас-Сығанақи (туған жылы белгісіз — 1310, Сирия, Халаб қаласы) — қазақ даласынан шыққан ғалым. Сығанақ қаласында туған. Бағдат, Басра, Дамаск, Халаб қалаларына сапар шеккен. Мұхаммед ибн Омар әл-Ахсикентидің (т. ж. б. — 1246) “Китаб әл-мунтахиб фи усул әд-Дин” (“Діннің түп тамыры жайлы таңдаулы кітап”) аталатын шығармасына түсіндірме жасаған. Ол қолжазба қазір Париж бен Каир кітапханаларында сақтаулы. К.Броккельмен “Араб әдебиетінің тарихы” атты еңбегінің 2-томында Хусам әд-дин әл-Хусейн ас-Сығанақидың “ән Насафи кітабының кіріспесіне түсіндірме нысана” және “Дәлелді өнертапқыш пен дұрыс келе жатқанның көмекшісі” аталатын 2 еңбегін де атап көрсетеді. Хусам әд-дин әл-Хусейн ас-Сығанақи Әбу Ханифа мектебінің ілімін қолдаған.

<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ас-Сығанақи|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}