Асқар Әкімбайұлы Әубәкіров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асқар Әкімбайұлы Әубәкіров 1970 жылы 29 мамырда Қызылорда қаласында туған.

  • Мәскеу гидромелиорация институтын (1994) инженергидротехник мамандығы бойынша, Еуразия нарық институтын (1999) экономист мамандығы бойынша бітірген.
  • 1994 жылдан - «Қазкоммерцбанк» ААҚ Қызылорда филиалының жинақ ақша бөлімінің бастығы. 1997 жылдан -«Қазақойл» ҰМК Атырау қаласындағы өкілдігінің қаржы бөлімінің менеджері, «Ембімұнайгаз» ААҚ қаржылық талдау бөлімінің, қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бастығы. 1998 жылдан - «Ембімұнайгаз» ААҚ қаржы дирекциясыныңдиректоры. 1999жылдан-«Ембімұнайгаз» ААҚ бірінші вице-президенті, «Қазақойл-Ембі» ААҚ бірінші вице-президенті. 2000 жылдан - «Өзенмұнайгаз» ААҚ экономика жөніндегі бірінші вице-президенті. 2001 жылдан - «ЕигоАзіаОгоир» басқармасының төрағасы. 2002 жылдан - «Ембімұнайгаз» ААҚ экономика жөніндегі бірінші вице-президенті, 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Ембімұнайгаз» ӨФ директорының экономика және қаржы жөніндегі бірінші орынбасары. 2005 жылдан бері - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының корпоративтік даму және активтерді басқару жөніндегі орынбасары.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}