Асқар Тоқпанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Асқар Тоқпанов (Әлиасқар) (13 қазан, 1915 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылы - 22 қараша, 1994 жылы Алматы) — Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, педагог - профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1975).

Толығырақ

1932 -1933 ж. ҚазҰПУ-да оқыды. 1939 ж. Мәскеу қаласындағы Театр өнері институтын (проф. В.Г. Сахновскийдің жетекшілігімен) бітірді. 1939 -1944 және 1948 - 1951 ж. Қазақ академия драма театрында режессер қоюшы болып.М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абай" (1940), Ш.Құсайыновтың "Марабай" Әуезовтің " Сын сағаттасы" (екеуі де 1941) мен "Еңлік - Кебек" (1944), С.Мұқановтың "Жеңіс жыры" (1942), Ғ.Мустафиннің "Миллионер" (1950), А.П. Штейннің "Намыс соты", Д.Гоу мен А.Д. Юссоның "Терең тамырлары" (екеуі де 1948) секілді спектакльдерді сахнаға шығарды. 1951 - 1953 ж. қазіргі Қазақ академя балалар мен жас өспірімдер театрында, сондай-ақ, Қарағанды (1945-1946), Атырау (бұрынғы Гурьев; 1955, 1959), Жамбыл (1969 -1971) облысы қазақ драма театрларының көркемдік жағын басқарып, спектакльдер қойды. Олардың қатарында: М.Ақынжановтың "Ыбырай Алтынсарин" (1951, 1956; Балалар мен жасөспірімдер театрының Бүкілодақтық фестивалінің 2-дәрежелі дипломы, 1958), Құсайыновтың "Нұрлы тас" (1951), "Көктем желі" мен "Алдар көсесі" (1953 - 1954, бәрі де Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрында), Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері Ақтоқтысы", Н.В. Гогольдің "Ревизоры" (1945 - 1946, Қарағанды облысы драма театры) Әуезовтің "Абайы" (инсценировка бойынша, 1955) мен "Қарагөзі" (1959), Мүсіреповтің "Амангелдісі" (1955, қазіргі Атырау облысы драма театры), Т.Ахтановтың "Махаббат мұңы" (1969), Н.Ф. Погодиннің "Кремль куранттары" (1970, Жамбыл облысы драма театры); Ә.Тәжібаевтың "Майрасы" (1957, өзі Ақаевтың ролін орындады), Б.Майлиннің "Майданы" (1965), А.Үйғын мен И.Сұлтановтың "Әлішер Науаиы" (1983, үшеуі де Қазақ академия драма театрында), т.б. спектакльдері бар. Тоқпанов спектакльдерді қоюмен бірге, кейбір басты рольдерді өзі де ойнады: Ыбырай (Ақынжановтың "Ыбырай Алтынсаринында"), Ленин (Погодиннің "Кремль куранттарында"; Республика театрлар байқауының лауреаты, 1970) т.б. Ол сахна өнерінің өзекті мәселелері туралы зерттеу мақалалар және пьесалар ("Тазша бала", "Тасыған төгілер") жазып, қазақ тіліне Г.Ибсеннің ("Нора"), А.Н. Островскішдің ("Шьшдық қатты - бақыт тәтгі"), А.П. Чеховтың ("Шағала" мен "Иванов"), А.В. Софроновтың ("аспаз әйел", "Күйеуге сенген аспаз", М.Горькийдің ("Форма Гордеев", инсңенировка) туындыларын аударды. Алматыдағы театр училищесінде (1939 -1944) жөне Онер институтында (қазіргі Қазақ үлттық өнер академиясы, 1955 - 1963 ж. кафедра меңгерушісі; 1975 жылдан професор) пед. қызметпен шұғылданды. 1955 ж. Алматыда ол тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды.

Мемлекеттік марапаттары

  • 1957 жылы «Қазақ КСР Еңбегі сіңген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді.
  • 1975 жылы «Қазақ КСР Халық артисі» құрметті атақтарымен марапатталған.
  • 1975 жылдан профессор (құрметті ғылыми атағы берілген);
  • Еңбек Қызыл Ту Ордені
  • Халықтар Достығы Ордені
  • Құрмет белгісі Ордені
  • Еңбек ардагері медалімен және көптеген медалдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Шығармалары

Сахна сазы, А. 1969; Кешеден бүгінге дейіп, А., 1976; Іңкәр дүние, А., 1991.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}