Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев (25 ақпан 1956 жылы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті) – белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның академигі, 12-шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің және 13-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты.

Өмірбаяны

Балалық шағы

Асқар Жұмаділдаев 1956 жылы Қызылорда облысындағы Шиелі қыстағында дүниеге келген. Асқар Жұмаділдаевтың арғы атасы Шоң өңірге белгілі адам болған. Шоңның Сырдария өзенінің бойындағы Көтентоғай жерде үлкен үйі болған екен және болыс қызметін атқарған. Күштеп ұжымдастыру кезінде Шоңның ұрпақтары құғын-сүргінге ұшырайды да, барлық мүлкі кәмескеленеді. Асқардың атасы Жұмаділдә бала-шағасын алып, Өзбекстанға қашуға мәжбүр болады. Жұмаділдә және оның жанұясы күн көру үшін түрлі қара жұмыстар жасауға тура келеді. Кейінрек Сталин қайтыс болғаннан кейін Жұмаділдә Қызылорда облысына қайтып келеді. Алайда, Жұмаділдәның Өзбекстанда туған немерелерінің барлығының ғұмыры қысқа болады. Қазақстанға қайтып келгеннен кейін туған алғашқы немересі Асқар Жұмаділдаев екен. Қазақтың дәстүріне сәйкес, Жұмаділдә Асқарды өзінің бауырына басып алады.
Асқар Жұмаділдаев 1962 жылы №299 темiржол төртжылдық бастауыш мектебiне, 1966-69 жылдары №45 Октябрьдiң 14 жылдығы атындағы қазақ орта мектебiнде білім алады. Кейінрек 1970-72 жылдары Алматыдағы №56 Сатпаев атындағы физика-математика мектеп-интернатында оқыды. Кейiн физика-математика кластары негiзiнде жаңа мектеп ғимараты салынып, Республикалық физика-математика мектебi болып қайта құрылды. Мектепте жүргенiнде талай қалалық, республикалық және бүкiлодақтық физика-математикаға қатысты жарыстарға қатысып, талай рет жүлдегер атанды. <ref>Алгебрадағы Асқар асуы</ref>

Еңбек жолы

1980 – 90 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер болды. 1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі. Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Ол – 12-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Ғылыми дәрежелері

  • 1981 ж. - физика-математика ғылымдарының кандидаты (КСРО Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты, Мәскеу)
  • 1988 ж. - физика - математика ғылымдарының докторы (КСРО Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты, Ленинград бөлімі). Тақырыбы: Оң характеристикалы Ли алгебраларының когомологиялары және оның қолданылулары. Ғылыми жетекшісі: Алексей Кострикин
  • 1990 ж. - Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры
  • 1995 ж. - ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі
  • 2004 ж. - ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі

Шетелден алған шақыртулары

  • 1988 – Гамбург университеті (2 ай)
  • 1995-1996 – Мюнхен университеті (18 month)
  • 1997, 1998, 1999 – Бильфельд университеті (4 month)
  • 1997 – Ньютон институты, Кембридж, Ұлыбритания (4 ай)
  • 1998, 2001, 2002, 2003 – Теориялық физиканың халықаралық орталығы, Триест, Италия, (9 ай)
  • 1998, 1999 – Миттаг-Лефлер атындағы математика институты, Швеция (9 ай) (9 month)
  • 1999 – Киото университеті, Жапония (1 ай)
  • 2000-2001, 2002, 2003 – Стокгольм университеті, Швеция (6 ай)
  • 2000 – Оксфорд университеті, Ұлыбритания (1 ай)
  • 2001 – Филдс институты, Торонто, Канада (1 ай)
  • 2001, 2002, 2003, 2005 – Жоғарғы ғылыми зерттеулер институты, Бюр-сюр-Иветт, Франция (5 ай)
  • 2002 – Эрвин Шрёдингер атындағы Математикалық физика халықаралық институы, Вена, Австрия, (1 ай)
  • 2005 – Макс-Планк атындағы математика институты, Бонн, Германия (3 ай)

Марапаттары мен гранттары

Қызықты деректер

  • Қазақстан тәуелсiздiгi деклорациясын, Қазақстан тәуелсiздiгi туралы заңды, Қазақстанның тұңғыш конституциясын, тұнғыш мемлекеттiк рәмiздерді қабылдаған депутаттардың бірі
  • "Болашақ" бағдарламасы туралы Президентке ұсыныс айтқан
  • Қазақстан конституциясында Қазақстан президентi қазақ тiлiн жетiк меңгеру керек деген ұсынысты алғашқы рет енгізген
  • Тұңғыш Қазақстан Президентiнiң жалақысын есептеген

Таңдаулы ғылыми мақалалары

Selected Publications

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}