Асқар Бөлекбайұлы Сағынғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Асқар Бөлекбайұлы Сағынғалиев 1955 жылы 15 шілдеде Гурьев облысы Қаратон кентінде туған.

  • В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1978) тау-кен инженері мамандығы бойынша; И.М. Губкин атындағы Мәскеу мүнайхимия және газ өнеркәсібі институтының аспирантурасын (1983) бітірген. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты. 30-дан астам ғылыми мақала мен еңбектің авторы.
  • 1978 жылдан - Балықшы БББ аға геологы. 1984 жылдан - КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігі және ҒА Жанар жағармай пайдалы қазбалар геологиясы және қазбалау институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер. 1988 жылдан - «Мұнайберу» салааралық ғылыми-техникалық кешеннің А.П. Крылов атындағы Бүкілодақтық мұнайгаз ғылыми- зерттеу институтының зертхана меңгерушісі. 1998 жылдан - «Мұнай» ГӨО ААҚ вице-президенті, президенті. 2001 жылдан -«БейкерХьюз» корпорациясының бөлімшесі «Хьюз Кристенсен» компаниясының Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан бойынша аймақтық менеджері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}