Асқар Болатұлы Баталов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асқар Болатұлы Баталов 1964 жылы 19 тамызда Алматы қаласында туған. Әкесі - Баталов Болат Баталұлы, зейнеткер. Анасы - Баталова Гүлшара Омарқызы, зейнеткер.

  • Алматы сәулет-қ ұрылыс институтының өнеркәсіп және азаматтық құрылыс факультетін (1986) инженер-құрылыс- шы мамандығы бойынша; Жаңартпашылық менеджменті академиясының жаңартпашылық менеджменті факультетін (Мәскеу, 2002) экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
  • 1988 жылдан - «АДК» ӨҚБ №4 цехының қалыптаушысы, шебері, аға инженер-технологы. 1991 жылдан - Алматы қаласы Алатау ауданы Бірыңғай тапсырыс қызметінің директоры. 1995 жылдан - «Райымбек» АҚ вице-президенті. 1997 жылдан - ҚР Мемлекеттік инвестициялар жөніндегі комитетінің бас менеджері. 1998 жылдан - «Қазинвест» ЖАҚ президенті. 2005 жылдан - ҚР Индустрия және сауда вице-министрі. 2007 жылдан - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы. 2009 жылдың сәуірінен бері - кәсіпкерлікпен айналысады. Алматы қаласы Алатау аудандық Халық депутаттары Кеңесінің депутаты (1988-1992). «Хоргос» АҚ Директорлар кеңесінің (2006-2007); «СарыАрқа» ӘКК» ¥К» АҚ (2007-2008) терағасы. «Қазына» ТДҚ« АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2006-2007). «Құрмет» (2007) орденімен; «Еңбекте үздік шыққаны үшін» (1986) «Әскери қызметте үздік шық қаны үшін» (1987) «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.
  • Әскери атағы - аға лейтенант. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев Д. Сяопин. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Барлық атрибуттары бар аймақтық кешбасшы». Хоббиі - теннис, гольф. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар, қазіргі заманғы шетелдік әдебиет, С. Лукьяненко.
  • Үйленген. Жұбайы - Баталова Ақмарал Валерианқызы Ұлы - Баталов Айдар Асқарұлы (1987 ж. т.); қыздары Баталова Ясмин Асқарқызы (1995 ж. т.), Баталова Томирис Асқарқызы (1996 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}