Асхат Сақибеденұлы Бекенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Асхат Сақибеденұлы Бекенов.JPG
Асхат Сақибеденұлы Бекенов

Асхат Сақибеденұлы Бекенов - 1965 жылы 26 наурызда Гурьев облысының Қызыл-Қога ауданының Миялы ауылында туған.

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген (1987), механик.

Қазақ, орыс және ағылшын (сездікпен) тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан).

1987 жылдан - Петровский атындағы зауыттың инженертехнологі, құрастыру бөлімінің шебері, комсомол ұйымының хатшысы. 1990 жылдан - Гурьев ауылшаруашылық тәжірибелік стансасының машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, өсімдік шаруашылығы цехының жұмысшысы. 1993 жылдан - «Қожа» ШК директоры (Атырау қаласы). 1995 жылдан - Атырау қаласы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының маркетингтік қызмет және инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы. 1996 жылдан - «Дана» ЖШС директоры (Атырау қаласы). 2000 жылдан - «Дана» сауда үйінің директоры (Атырау қаласы). 2006 жылдан - Атырау облысы Жылыой ауданы Сары амыс ауылының әкімі. 2006 жылдан - Атырау қаласы әкімінің орынбасары. 2007 жылдан - Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі.

2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ инновациялық саясат бойынша қоғамдық-кеңес беру кеңесінің мүшесі (2007 жылдан).

2007-2011 жж. – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

Әскери атағы - запастағы капитан.

Діни көзқарасы - ұстамды діндарлық

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан тәуелсіз, гүлденген, саяси тұрақты».

Хоббиі - спорт, саяхат.

Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер.

Үйленген. Жұбайы - Иманбаева Роза Хибиқызы (1965 жылы туған). Қыздары - Бекенова Ардақ (1987 жылы туған); Хисамеденова Айсұлу (1995 жылы туған); ұлы - Бекенов Аслан (1988 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Сілтемелер

Мәжілістің құрамы мен құрылымы, БЕКЕНОВ Асхат Сахибеденұлы

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}