Астана қалалық теледидары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Астана»Қазақстан Республикасы аумағында ақпар тарататын республикалық телеарна. Алғаш рет Эфирге 1993 жылы наурыз айында «ЦЕСНА» арнасы деген атпен шықты. 2000 жылдың қарашасында арна атауы «Астана қаласының телеарнасы» болып өзгертілді.

Бас директоры — Ирина Черноловская (2002).

«Астана қаласының телеарнасы» ЖШС құрамына «Астана» телеарнасы мен «Деловая волна» (Іскерлер радиосы) радиосы кіреді.

«Астана» арнасының ақпараттық-студиялық кешені сандық техникамен қамтамасыз етіледі. Қазақстанда тұңғыш рет аталмыш арнаға ақпараттық бағдарламалар тарату мақсатында СNN технологиялары бойынша «News Fabric» жүйесі енгізілді. Және «VECTOR BOX» автоматты таралым кешені іске қосылған.Үлгі:Citation needed

Арнада халықаралық сапа талаптарына сай келетін түрлі бағдарламалар мен фильмдерді дыбыстау, дубляждауға арналған «Avid Studio Complete» студиялық кешені бар.Үлгі:Citation needed

Арна контентінің тілдік айырмасының 60 пайызы қазақ тілінде болса, сәйкесінше 40 пайызы орыс тілінде жүргізіледі.

Негізгі тақырыптық бағдары — Қазақстан Республикасының қоғамдық-экономикалық және мәдени өмірін қамтумен қатар, ақпараттық-сараптамалық, танымдық телебағдарламалар өндіру болып табылады.

Бағдарламалар

  • Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар: «Жаңалықтар», «20:30», «Момент истины» - «Ақиқат алаңы», «Дневник с Гульжан Мукушевой», «Специальный репортаж»,«Открытая студия»;
  • Қоғамдық бағдарламалар: «Астана ажары», «Громкое дело», «Ритм столицы»;
  • Мәдени бағдарламалар: «Статус-кво», «Сырласу»;
  • Балаларға арналған анимационды және көркем фильмдер;
  • Музыкалық бағдарламалар;
  • Ойын-сауық бағдарламалары: «КВН – высшая лига», «Лица столицы» «Казнет», «Олжа», «Вкуснятина», «Агентство по туризму», «Киностан»;
  • Көркем фильмдер.

МарапаттарыҮлгі:Citation needed

  • Париж – 2003 жыл World Quality International Award сертификаты, және «САПА Дипломы». Париж, 2 маусым 2003 жыл (әлемдік деңгейдегі, хабар тарату сапасы үшін).
  • 2003 жылдың ең үздік аймақтық телеарнасы аталымы бойынша «Алтын жұлдыз» сыйлығы.
  • Арна тілшісі Н.Е.Карағойшина «Жақыныңа жәрдемдес» авторлық бағдарламасы үшін Халықаралық «Шабыт» фестивалінің журналистика номинациясы бойынша І орын иегері атанды.
  • 2005 жылы Ялтада өткен «Вместе»V Халықаралық телекинофорумда ТМД елдерінің ішіндегі «Ең үздік тележүргізуші» аталымы бойынша «Астана» арнасының бас редакторы Бағдад Қожахметов І орын иегері атанды.
  • 2006 жылдың қорытындысы бойынша арна жүргізушісі Тимур Асылханов Қазақстан Жастары Конгресінің жыл сайынғы Республикалық сыйлығына ұсынылып, «Қазақстанның ең жас әрі іскер журналисі» деп танылды. Сондай-ақ, 2007 жылы Тимур ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды.
  • 2007 жылы телеарна «Ең үздік арна» аталымы бойынша «Алтын жұлдыз» сыйлығына ие болды. Сонымен қатар, Тимур Асылхановтың «20:30» бағдарламасы қазақстандық сыйлығына ұсынылды.
  • 2007 жылы Қазақстанның тарихи тұлғалары жөніндегі «Свет былого» атты авторлық деректі фильмдер циклі үшін Зарина Мұхамедали Халықаралық «Шабыт» фестивалінде І орынды иеленсе, осы жылы халықаралық «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінде лауреат атанды.
  • 2010 жылы «Сорос-Қазақстан Қоры» ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласындағы адам құқықтары» атты конкурста ақпараттық қызметтің тілшісі Анна Журба «Ең үздік бейнерепортаж» аталымы бойынша сыйлық иегері атанды.
  • 2010 жылы «Нұр Отан» ХДП тағайындаған «Нұрсұңқар» сыйлығын «Түйін сөз» бағдарламасы үшін Мұхит Ықылас иеленді.
  • 2010 жылы Мұхит Ықылас пен Мұрат Қожамқұлов «Мәдениет қайраткері» атағына ие болды.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер