Аспа тұзақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аспа тұзақ - аң аулауға арналған кұрылғының атауы. Қолданысына байланысты екі түрі қалыптасты. Біріншісі, көбінесе, аю сияқты ірі жыртқыш аңды аулауға арналған. Аспа тұзақтың бұл түрін орманда көбіне екі аша бұтақты мықты қарағайды арқау етіп құрады: қарағай ашасының ортасында жуан бөренені сүймен ретінде сүйеп, жуан басына темір қазықпен шынжырлап, дөңбектермен басып қояды. Сүйменнің жіңішкелеу үшын күшпен қайырып төмен тартып, қарағайдың діңіне байланған сым темірге тиек салып іледі, тиекке борсыған ет ілінеді. Сүймен ағаштың басына мықты сым темірден аю басы сиятындай етіп тұзақ орнатылады. Аспа тұзақты осылай құрған соң жан-жағын бұтақ бүрлерімен білдірмей қоршап қояды. Аю келіп сүймендегі етті тартқан кезде сүймен ағаштың басына іліндірген темір шығып кетіп тұзақ жоғары тартылады да, сүйменің екінші жағы ауыр болғандықтан, мойыны тұзаққа ілінген аю асылып, аяғы жерге тиер-тимес әрі-сәрі болып қалады.

Аспа тұзақтың екінші түрі етін жеп, мамығын кәдеге жарататын желбесін құстарды ұстауға арналған. Оғап әдетте қыл тұзақтың ұзын етіп дайындалған түрі қолданылды. Мұндай аспа тұзақ көбінесе ақшыл түсті жылқы қылынан (баран түстісі көзге оңай шалынатындықтан оны көп пайдаланылмайды) жіңішке етіп есіледі. Аспа тұзақтарды құр тәсіліндегі өзіндік ерекшелігі бар. Әлбетте тұзақты іннің, тесіктің аузына жатқызып құрса, аспа тұзақты басын тұйықтап байлап, оны бұта-шілікке жанастыра ілшіп жан-жағынан шырпылармен сүйемелдеп, яғни екі үмі жағынан іліп «аспалап» кұрады.

Аспа тұзақ, әдетте, ну орман-тоғайда кездесетін қыр құстары мен өзен-көлдегі су құстарын ұстауға пайдаланылады. Өзен-судың жағасына, судың адам бара алатындай жеріндегі қамыс-қоғаның арасына, құстың саңғырығы көп жиналған қонағына және жайылатын жеріне, ұя салған маңайға құрады. Аспа тұзақты қырға құрғанда ұшына қазық байлап жерге қағады. ал сулы жерде қоға-қамыс немесе ағашқа байлайды. Егер жақын маңайда суда өскен жіңішке ағаш болса, тұзақтың ұшын соған бекітеді. Жем іздеп тімтінген, бейқам суда жүзген, далада жорғалаган құс абайсызда аспа тұзаққа басын, аяғын сұғып алған кезде тұзақтың тұйығы сусып «қылқындырып» ұстап қалады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аспа тұзақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}