Археологиялық мәдениет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Археологиялық мәдениет — бір уақытқа жататын, жергілікті өзгешеліктерімен ерекшеленетін және белгілі бір аймақта шоғырланған археол. ескерткіштерді атау үшін пайдаланылатын ұғым. Археол. ескерткіштер еңбек құралдарының, тұрмыстық заттардың, әшекейлер мен қарулардың, сондай-ақ жерлеу және басқа да құрылыстар мен әдет-ғұрпының ұқсастығына қарай біріктіріледі. Археол. мәдениет аты ескерткіштердің көп шоғырланған жерінің немесе ең алғаш зерттелген жердің атымен аталады. Мыс., Ақмола облысының Атбасар ауданыда шоғырланған б. з. б. 6-5 ғ. тұрақтары аудан атымен Атбасар мәдениеті деп аталса, Торғай облысыдағы неолит дәуірінің Маханжар, Жүзбай, Сор, Бестамақ, Амангелді секілді тұрақтары алғаш зерттелген жердің атымен — Маханжы мәдениеті деп аталады. Археол. мәдениеттер Қазақстан тарихында өте көп. Олардың ең ірілері Ботай, Андронов, Беғазы-Дәндібай, Тасмола, Келтеминар, Жетіасар, Қауыншы, Отырар, Қаратау мәдениеттері. Археол. мәдениеттің қалыптасуын, таралуын және жойылуын зерттеу жазба деректер пайда болғанға дейінгі тайпалар мен халықтардың этник. тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Сыртқы сілтеме

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Археологиялық мәдениет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}