Аружан Саин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аружан Саин ( 1976 жылы 10 тамызда туған, Қызылорда, Қазақстан) — Қоғам қайраткері, тележүргізуші, актриса, продюсер, қайырымдылық қоғамының директоры.

Өмірбаяны

Алматыдағы №138 гимназияда оқыған.

1991 және 1992 жылдары географиядан республикалық олимпиядалардың жеңімпазы болады

1993 жылы Қазақ Ұлттық Университетіне түсіп, география факультетінде, экология және мониторинг кафедрасында оқып шығады

1994 жылы "Аружан және Компания" продюсерлік орталығын ашады

2006 жылы «Милосердие» қайырымдылық қорын ашады. Қор балалар үйлеріне көмек, ауру балаларға көмек және Қазақстаннан да тыс жұмыс атқарылады.

2009 жылы Алтын Журек премиясын «Инвалидтерге қамқорлық» номинациясы бойынша

Мансап

  • 1993 — Хабар телеарнасындағы күнделікті "Разминка" бағдарламасының тележүргізүшісі
  • 1994-1999 — "Тез және тәтті", ары қарай "Жұлдызды меню" кулинарлық бағдарламаларының тележүргізушісі
  • 1994-2000 — "Еркемай" бүлдіршін ойын бағдарламасының тележүргізушісі
  • С 2006 — Ел Арна телеарнасындағы "Ана мектебі" танымдылық бағдарламасының тележүргізушісі
  • С 2010 — "Сабырлық, тек сабырлық" ток-шоу тележүргізушісі
  • С 2011— "Бүлдіршіндерге Өмір сыйла" бағдарлама жүргізушісі

Киномансап

Продюсерлік қызметі

Қайырымдылық қызметі

2006 жылы «Милосердие» ерікті қоғам қайырымдылық қорын басқарады, Қазақстандық "Центр Тяжести" форум қатысушыларының қатысуымен құрылған, әлі күнге дейін жұмыс істейді.

Қордың басты бағыттары:

1. "Бүлдіршіндерге Өмір сыйла" акциясының аясында 2 млн. 100 мың АҚШ долларын жинап Қазақстандық 342 бүлдіршінге көмек көрсеткен.

2. Жетім бүлдіршіндерге көмек – балалар үйлеріне және көмек көрсету. Бұл әрекет аясында ҚРның «Отау туралы және Отбассы» заңына түзетулер енгізіледі, бұл өзгертуер аясында жетім балалардың отбасын табуға жол ашылады. "Жетімдерсіз Қазақстан" жобасы елбасы Н.Ә. Назарбаевтің 2010 жылдың 5 наурызында өткен "Көктем шуағы" атты кездесуде қолдау көрген.<ref>Рустем Омаров. Аружан: Сердце на ладони. «Экспресс К», 6 марта 2010 ж.</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>