Аруақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аруақ — Жан денеден бөлек өмір сүреді деген көне ұғымнан туған діни наным бойынша өлген кісінің тіршіліктегі адамдарды желеп-жебеп жүретін жаны (аруағы). Халықта аруаққа, әсіресе тірісінде ел ағасы, ру басы, би, батыр болған қадірлі адамдарды қасиет тұтып, киелі санап, соның аруағына сыйыну салты кең тараған. Ертеде ел қорғауға аттанған сарбаздар майданға кіргенде, жекпе-жекке шыққанда немесе намысқа шапқанда руға, алашқа ұран болған аталар аруақтарына сыйынған. Қазақтар зират маңынан өтіп бара жатып дұға оқиды, алақанын жатып аруақтарға арнап дұға оқиды, бата жасайды. Басына күн туып, ел-жұртынан ауып бара жатқандар зираттан бір уыс топырақ ала кетеді. Малға індет тигенде зиратқа түнетеді. Бала көтермеген әйелдер, созылмалы сырқаттар аруақтардан қайыр-шапағат тілеп, басына түнейді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}