Анако

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Анако (ANACO, Атырау мұнай акционерлік компаниясы) — мұнай өндіретін мемлекеттік емес компания. Жеке тұлғалардың құрылтайшылығымен құрылып, мұнай барлау жұмыстарына мемл. лицензия алған (1994). Шағын вахталық кенті және электр ст-сы бар. Атырау облысындағы жаңа мұнай кеніштерін бұрғылау жұмысына тендер жарияланған кезде оған Шығыс Еуропаның бірнеше елініңғ АҚШ-тың, Ресейдің компаниялары қатысты. Тендерді жеңіп алған компаниялардың арасында қазақстандық АНАКО да бар. АНАКО-ның бизнес жоспары Еуропа Даму және Қайта құру Банкінің талабына сай жасалған. Жылына 200-250 мың тонна мұнай өндіреді (1997).

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}