Арман Алдабергенұлы Тілеубергенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арман Алдабергенұлы Тілеубергенов 1973 жылы 19 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Явленка ауылында туған. Қазақ . Әкесі - Тілеубергенов Алдабөрген Қанапияұлы. Анасы - Тілеубергенова Рысты Құнанбайқызы. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының фортепиано факультетін (1997) концерт орындаушысы, оқытушы, камералық ансамбльдің концертмейстері, солисі мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (1999) бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1999 жылдан бері - Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының арнайы фортепиано кафедрасының оқытушысы. Концертмейстер ретінде көптеген халықаралық конкурстардың дипломанты. Т.А. Гайдамович атындағы II Халықаралық камералық-ансамбль музицирлеу конкурсының 1-ші сыйлығының лауреаты (Ресей, 2009). Діни көзқарасы - ислам. Хоббиі - дүниежүзіне саяхат жасау, туған өңірді зерделеу. Сүйіп оқитын әдебиеті - әлемдік классика; рухани жетілу жайлы әдебиет; юморлы􀀃, XVIII - XIX ғасырлардағы орыс әдебиеті; қазіргі заманғы философия. Бойдақ.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub