Арман Айдарханұлы Әбдіқалыков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арман Айдарханұлы Әбдіқалыков 1969 жылы 1 қарашада РКФСР Ленинград қаласында туған. Қазақ.

  • Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау-экономикалық факультетін бітірген (1991), экономист. 7 мақаланың авторы. Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін біледі.
  • 1993 жылдың ақпан айынан «Жасұлан» шағын кәсіпорындар республикалық бірлестігінің бас бухгалтері. 1993 жылдың сәуір айынан - «Комстрой» КЖК атқарушы директоры. 1994 жылдан - «Казкоммерцбанк» АБ қор және экономикалық талдау басқармасының экономисі, басқарма төрағасы орынбасарының көмекшісі, бірлескен қаржыландыру департаментінің жетекші сарапшысы. 1996 жылдан - «Әділет» корпорациясының қаржы басқармасының бастығы. 1997 жылдан - «BDT.Audit&Conculting» консалтингтік компаниясының бас кеңесшісі, атқарушы директоры. 2000 жылдан - «ҚазТрансГаз» АҚ активтерді басқару департаментінің директоры. 2001 жылдан - «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» АҚ бірлескен басқарма және индикативті жоспарлау департаменті директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ индикативті жоспарлау және экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары, активтерді басқару департаментінің директоры, «Рetro Kazakhstan Inc.» компаниясының бизнесті қолдау бойынша вице-президенті. 2007 жылдан - «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры. 2008 жылдың қаңтар айынан бері - «ҚазТрансГаз- Алматы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары. ҚР Қызыл жарты ай ¥лттық қоғамының еріктісі. «ҚазМұнайГаз» АҚ президентінің, Апматы қаласы әкімінің грамоталарымен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}