Ариран

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Ариран” Қазақстандағы корей диаспорасының кәсіби-эстрадалық мемлекеттік ансамблі.


1967 жылы Алматыдағы корей музыкалық комедия театрының жанынан құрылды. Ансамбль корейдің кең тараған “Ариран” әнімен аталады. Репертуарында корей және дүние жүзі халықтарының ән-билері бар. “Ариран” гастрольдік сапармен республиканың барлық облысын, көптеген шет елдерде болған. 1989 жылы Оңтүстік Кореяда болып, өнер көрсетті. Ансамбльдің қөркемдік жетекшісі В.Стригодский, тәлімгер педагогі Т.Р. Ли. Ансамбль құрамында Қазақстанның еңбек сіңген артистері Зоя Ким, Вениамин Ли, артистер Мун Гон Дя, Гео Гюн Хва, Сон Георгий т.б. бар.

1997 жылы Таллин қаласында өткен халықаралық фестиваль лауреаты “Самюльнури” ұрмалы халық аспаптар ансамблі осы “Ариран” ансамблінің құрамына енген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}