Арапов елшілігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арапов елшілігі — 1764 ж. маусым — тамыз айларында Орынбордағы Ресей әкімі ген.-поручик А.П. Лочиновтың Қылшақты өз. бойындағы Абылай хан ордасына жіберген елшілігі. Елшіліктің басты мақсаты — Абылайдың саяси бағыты жөнінде мәліметтер жинау. Елшілік Абылайға Ресеймен әскери одақ және сауда қатынасын орнату қажеттігі, Ресей тарапынан Абылайға берілетін кепілдіктер туралы Орынбор әкімшілігінің хатын тапсырды. Абылай Орынбор әкімшілігіне берген жауап хатында Қытай ұсыныстарын қабылдамайтынын, Ресеймен ынтымақты одан әрі жалғастыратынын білдірді. А.е. бұл сапарында Орта жүз қазақтарының болашақта Ресей саясатына көзқарасы, бұрынғы Жоңғар хандығының жеріндегі Қытай әскерінің құрамы, Қытайдың Шығыс Түркістан халықтарына қысымы, Абылайдың Шығыс Түркістан билеушілерімен қарым-қатынасы жөнінде мағлұматтар алып қайтты. Абылай А. е-мен бірге Орынборға өзінің өгей ұлы Бөрі бастаған Орта жүздің 8 адамын өкіл етіп жіберді.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Арапов елшілігі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}