Анжирай Атжанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Анжирай Атжанова(3.1. 1923, Сайрам ауданы Қарамұрын ауылы) – 8-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1974). 1941 ж. Қарамұрын ауылындағы Свердлов атындағы мектептің 7-сыныбын бітіріп, еңбекке араласты. Сайрам МТС-нда механизаторлар курсында оқып, 2-дүниежүзілік соғыс жылдары механизатор болып істеді. Зейнеткерлікке шыққанға дейін (1976) Киров атындағы ұжымшарда үздіксіз еңбек етті. 1968 ж. Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысқан. Аудандық, облыстық, республикалық дәрежедегі көптеген дипломдар мен грамоталардың, құрметті атақтардың иегері. Ленин орденімен (1971), «Ерен еңбегі үшін» (1970) медалімен марапатталған. Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.</ref>

Сілтемелер

<references />


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Анжирай Атжанова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}