Андрей Иосифович Боргуль

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Боргуль Андрей Иосифович (1931 жылы туған) – қызметкер.

Алматы зооветеринарлық институтын бітірген (1958). Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданындағы мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе станспсында бас зоотехник (1958 – 59), Қотыркөл мал дәрігерлік техникумында оқытушы (1959 – 61), директоры (1978 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін), Қотыркөл кеңшарында бас зоотехник (1961 – 62), Юрьевский кеңшарының директоры (1962 – 65), Бурабай ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1965 – 72), бас зоотехнигі (1975 – 78), Уәлиханов ауданы еңбекші депутаттар кеңесінің төрағасы (1972 – 75) қызметтерін атқарған.

Ұзақ жылғы еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы, «Құрмет белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер