Анатолий Иванович Ващенко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ващенко Анатолий Иванович — 1941 жылы туған.

Алматы көркем-сурет училищесін бітірген. Бар өмірін дерлік кітап безендіру ісіне жұмсаған суретші.

Ұзақ жылдар бойы "Мектеп" ("Рауан"), "Білім" баспаларында көркем безендіру редакцияларының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Оқулықтар мен оқу құралдарын, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге арналған суретті кітапшаларды, "Мектеп кітапханасы" сериясымен шыққан көркем әдебиет нұсқаларын оқырман талабына сай әрлеу жұмысына көп еңбек сіңірді. "Әліппе", "Суретті Әліппе", "Суретті математика", "Ана тілі", "Қызықты грамматика", "Аңқау арыстан", "Түйенің мүйізі қайда?", "Балық пен түлкі" тәрізді кітаптарды безендіруге бар тәжірибесін де, творчестволық қарымын да барынша пайдаланды.

Көптеген республикалық, Одақтық көрмелер мен жәрмеңкелердің тұрақты қатысушысы, әрі лауреаты болган. Қазақстан суретшілер одағымен, Дизайнерлер ұйымымен тығыз байланыста болды.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}