Анатолий Григорьевич Дерновой

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Дерновой, Анатолий Григорьевич — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi.

Қысқаша өмірбаяны

1951 ж. тамыздың 21-інде Қарағанды қаласында туған.

1974 ж. Қарағанды медицина институтын бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Талдықорған облысы Киров ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станса­сының бөлім меңгерушісі болып бастады, кейін осы ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып жұмыс істеді.

19911994 жж. — Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

19941996 жж. — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары — бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

1996 ж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының бастығы.

2006 ж. қыркүйектің 20-ыдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi.

Марапаттары

  • «Ерекше еңбегі үшін» медалімен 1987 жылы,
  • «Астана» медалімен 2000 жылы,
  • «Қазақстан Республикасына сіңірген ерен еңбегі үшін» медалімен 2001 жылы,
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтолық медалімен 2005 жылы марапатталды,
  • ҚР Ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың 2005 жылғы лауреаты.

Үлгі:Қазақстан Үкіметі (ағымдағы)