Аммонал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аммонал - аммониттер тобына жататын қопарғыш зат.

Сурет:Hawthorn Ridge Redoubt mine (1 July 1916) 1.jpg
1916 жылы 1 маусымда Британ әскері Соммадағы шайқаста қолданған. 18 тонна аммонал әйдік кратер қалдырған.

Тарихы

1915 жылы алғашқы рет 1-ші дүниежүзілік соғысында Британ армиясы арзан қопарғыш зат ретінде қолданған. Британ аммоналының құрамында: 65% аммиак селитрасы, 15% тротил, 17% алюминия и 3% ағаш көмір болған.

Қазіргі таңда өнеркәсіптік мақсаттарында динамит орнына қаолданады.

Құрамы

Құрамында аммоний селитрасы (80-90%), алюминий ұнтағы 5-10%), көмір, парафин т.б. қосылыстар (3-5%) бар.

КСРО-да Аммоналдың екі түрі шығарылатын:

  1. Аммонал (ГОСТ 21984) - сүр түсті ұнтақ, аз сусымалды, суға төзімді, сақтағанды тұрақты. Құрамы: аммиак селитрасыЖВ - 80,5 %, тротил — 15 %, алюминий ұнтағы — 4,5 %. Оқтарды жасауға қолданатын.
  2. Аммонал тасты №3 - сүр түсті ұнтақ. Ең күшті қопарғыш заттың бірі. Жоғары суға төзімділік, сақтағанда тұрақты, детонациялық мүмкіндігі өте жақсы. Құрамы: аммиак селитрасыЖВ - 72 %, тротил — 16 %, гексоген — 1,5 %, алюминий ұнтағы — 8 %.

Негізгі физика-химиялық қасиеттері және қопарғыш көрсеткіштері

Детонация жылдамдығы - 3500 - 4500 м/с
Фугастығы - 480 - 550 сm³
Уақтағыштығы - 13-16 мм
Үйкеліске тұрақтылығының төменгі көрсеткіші - 5700 кгс/сm²-дан жоғары
Тротил эквиваленті - 0,7

Қолдануы

Кен ошақтарында және шахталарда қопарғыш жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.

ҰОС кезінде тротилдің жетіспегенінде аммоналмен снарядтарды оқтайтын.

Тасымалдауы, орауы және сақтауы

  • Патрондар түрінде шығарылады. Полиэтилен пакетке 10 данадан салынады. Пакеттер гофралынған қораптарға салынады.
  • Жабық қойма орындарда сақталады.
  • Тасымалдау кезінде атмосфералық жауын-шашыннан және тіке күн көзінен сақтау керек. Сақтау мерзімі - 12 ай.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998